Нұрсұлтан Назарбаев: "Референдумға барамын"

365

Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы қысқаша сұхбаттасқан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Тұңғыш президент саясаттанушыға берген сұхбатында алдағы 5 маусымда өтетін референдумға баратынын айтты.

Иә, 5 маусымда Конституциядағы құқығымды пайдаланып, референдумда дауыс беруге міндетті түрде қатысамын. Еліміздің негізгі заңы қатып қалған құқықтық жәдігер емес,— дейді Елбасы.

Ол Ата-заң қазақстандық қоғамның өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді көрсететін өміршең тетік екенін үнемі айтып келемін. Өзгерістер бұрын да енгізілген деп айтты.

Жалпы, бұл заманның көкейкесті талабы болса, қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына септігін тигізетін болса, Ата-заңға өзгерістер енгізуге әрбір ұрпақтың құқығы бар деп есептеймін,
 деді Нұрсұлтан Назарбаев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.