Қазақстан азаматтарының 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды
Сауалнамаға қатысқандардың 87,8%-ы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп көрсеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Азаматтық белсенділіктің маңызды индикаторы - халықтың сайлауда дауыс беруге ынтасы. 2026 жылғы 13-ші маусым мен 2-ші шілде аралығында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. «Face-to-face» форматында, яғни бетпе-бет сұхбат түрінде өткен сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен қатысқан.
Сауалнама жүргізілген кезде Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауы өтетін күн әлі жарияланған жоқ. Президент Құрылтайдың алғашқы сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауында дауыс беруге дайын. Респонденттердің 75,6%-ы сайлау учаскесіне баруға ниетті екенін айтқан. Оның ішінде 44,2%-ы дауыс беретінін нақты атап көрсетсе, 31,4%-ы дауыс беруі ықтимал екенін жеткізген. Сауалнама қорытындысы бойынша саяси партияларға қолдау көрсеткіші мынадай деңгейде бөлінді:
- «Әділет» партиясы – ең жоғары қолдауға ие болған. Бұл партияға респонденттердің 54,2%-ы дауыс беруге дайын екенін білдірген.
- «Ауыл» партиясы – 7,3% көрсеткішпен екінші орында тұр.
- «Ақ жол» партиясы – 4,6% көрсеткішпен үшінші орынға шыққан.
- «Respublica» партиясы – қолдау деңгейі 3,4%-ды құраған.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – сауалнамаға қатысушылардың 2,4%-ы дауыс беруге дайын.
- Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – респонденттердің 2,1%-ы қолдаған.
- «Байтақ» партиясы – сауалнамаға қатысушылардың 1,1%-ы таңдаған.
- «Барлығына қарсымын» нұсқасы – респонденттердің 2,3%-ы белгілеген.
Сонымен қатар сайлауалды үгіт-насихат барысында саяси партиялар үшін тартыс нысанасы жеткілікті екені анықталды – сайлаушылардың едәуір бөлігі өз таңдауын әлі жасаған жоқ. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 22,6%-ы, яғни шамамен әрбір бесінші сайлаушы қай партияға дауыс беретіні жөнінде шешім қабылдамаған. Жалпы, зерттеу нәтижелері қоғамда елдің саяси бағытын қолдау деңгейі жоғары екенін және азаматтардың сайлау процесіне қатысуға дайын екенін көрсеткен. Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды.







