Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

351
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар екі ел президенттері сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.