Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

438
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі мен ғылыми қызметтегі ерекше еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" ҚБ президенті Жұрынов Мұрат І-дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталсын", – делінген Жарлықта.

IІІ дәрежелі "Барыс" орденімен
  • Әбділдин Жабайхан - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі
  • Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі
  • Кішібеков Досмұхамед  - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі;

"Парасат" орденімен
  • Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ орталығының директоры 
  • Блиев Назарбай - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі 
  • Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" РМК бас директоры 
  • Күрскеев Әбдірахман Козлоевич - Білім және ғылым министрлігінің "Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" РМК бас ғылыми қызметкері
  • Пак Иван Тимофеевич - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ шетелдік мүшесі 
  • Сманов Бақтияр Өрісбайұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті КеАҚ профессоры
  • Таймағамбетов Жәкен  Қожахметұлы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі; 
"Құрмет" орденімен
  • Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы - А.Бектұров атындағы химия ғылымдары институты АҚ бас ғылыми хатшысы
  • Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ Биология және  биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры
  • Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы - Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті КеАҚ ректоры
  • Косов Владимир Николаевич - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті КеАҚ кафедра меңгерушісі
  • Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы - Білім және ғылым министрлігінің "Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" РМК директоры
  • Медеу Ахметқал - "География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы 
  • Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ профессоры 
  • Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы - Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық биотехнология орталығы" РМК бас директоры
  • Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы - С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КеАҚ кафедра меңгерушісі
  • Төлешов Амандық Қуатұлы - Білім және ғылым министрлігінің "Академик Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты" РМК бас директоры;
 "Ерен еңбегі үшін" медалімен
  • Дәулетов Асқар Ербұланұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ деканы.
 Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.