Президент UPL Limited компаниясының бас директоры Джай Шроффпен кездесті

411

Фото: Ақорда прессҚасым-Жомарт Тоқаевқа  UPL Limited  компаниясының қазіргі жұмысы мен даму перспективалары жөнінде ақпарат берілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Джай Шрофф Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығы саласында заманауи тәсілдерді қолдану, осы саладағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ егін егу және жер өңдеуде қолданылатын қазіргі технология жөнінде айтты.

Қазіргі таңда UPL Limited өнімдері әлемнің 150-ден астам елінде сатылады. Агробизнес – компанияның негізгі табыс көзі. Кәсіпорын дәстүрлі агрохимиялық өнімдер мен басқа да ауыл шаруашылығына қажетті тауарлар өндіріп, сатумен айналысады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.