Мемлекет басшысы Меккеде кіші қажылық жасады

219
Қасым-Жомарт Тоқаев Исламның басты киелі мекені – Мекке қаласындағы Қағбаға кіріп, кіші қажылық жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент ерекше құрметке ие болды – ол есіктері ерекше жағдайларда жоғары қонақтарға ашық болатын Кағбаның ішіне кірді. Бұл – Сауд Арабия басшылығының Қазақстан президентіне деген зор құрметінің дәлелі", - делінген Мемлекет басшысының баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, 23 шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың шақыруымен Сауд Арабиясына ресми сапармен келген болатын. Сауд Арабиясы Королінің «Каср Ас-Салам» сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алудың ресми рәсімі өтті. Осыдан кейін президент Сауд Арабиясымен маңызды келісімдер туралы мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 13 маңызды құжатқа қол қойды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.