Орнымды жас депутаттарға босатып беруге дайынмын
Бірінші қыркүйекте партаға оралатын тек оқушылар емес, депутаттар да жұмысқа кірісті. Бір-бірімен қайта қауышқанға мәз депутаттар залда да, сыртта да хәл сұрасып, қалжындасып жатты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Демалыстан дем жинап келген депутаттар енді арқаны кеңге сала алмайды. Аймақтардан жиып-теріп әкелген мәселелерінен бөлек, жолдаудан кейін атқаратын шаруа шаш етектен. Ал күні кеше депутат болған Айдос Сарым "орнымды жастарға беруге дайынмын" деп ақтарылды.
Осы сессияда депутаттар жұмыс істейтін заң жобаларының ерекше маңызы бар. Алдағы уақытта депутаттар президент тапсырмасын орындап қана қоймай, жұмыс топтарының отырыстары, заң жобалардың таныстырылымы сияқты барлық жиындарға қарапайым халықтың кеңінен қатысуын қамтамасыз етпек.