Мұхтар Әблязов табысы мен дүние-мүлкі туралы толық ақпаратты жариялайтын болды

335


Оны мұндай қадамға баруға АҚШ соты міндеттеп отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі   Экспресс К. ға сілтеме жасап.

БТА банктің ресми сайтында көрсетілгендей, Мұхтар Әблязовтың сот талаптарын орындамауына байланысты осындай шешім шығарылған екен. 2020 жылы сот оны БТА банкке 140 мың доллар төлеуге міндеттеген болатын. Алайда, Әблязов әлі күнге дейін бұл шешімді орындамай келеді. Сондықтан, ол енді 30 қыркүйекке дейін барлық табысы мен кіріс көздерін ашып көрсетуі керек. Олай болмаған жағдайда, банкир қарызын толықтай жапқанша, күніне 1 мың доллары көлемінде айыппұл төлеп отыратын болады. АҚШ сотының судьясы Кэтрин Паркердің пікірінше Әблязов сотқа тиісті құрмет танытпай келеді.