Туысы зорлап, босанған 12 жасар қыздың отбасына үкімет үй сатып алу үшін 735 мың теңге берген

1 585

Azattyq Rýhy / Әбілқасым ЕсентаевКүні кеше біз Павлодар облысында туысынан зорлық көріп, босанған қыздың отбасы қандай жағдайда өмір сүргенін жазған болатынбыз. Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл Сәуле Шәкенова жариялаған фотосуреттерден қандастардың үйі өте ескі, жұпыны екенін байқадық, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.


Azattyq Rýhy тілшісі Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сұрау сала отырып, әлі де қандас мәртебесіне ие бұл отбасына жергілікті атқарушы орган тарапынан кезінде қандай материалдық көмек берілгенін сұрадық.


Анықтағынымыздай, 12 жаста ана атанған қыздың отбасы Моңғолиядан ең алдымен Солтүстік Қазақстан облысына келген екен.


«Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударып келгеннен кейін, бірінші Солтүстік Қазақстан облысына барған, кейін Павлодар облысы көшіп келген. Павлодар облысының қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 2020 жылы, отбасы мүшесінде 7 адам болып қосылған. Квота шеңберінде қоныс аудару шығындарын өтеу бойынша 1 225 140 теңге , сонымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін 735 084 теңге көлемінде қаражат төленді», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.