Президенттік сайлауға түспек болған Әлтаевтың заңсыз әрекеті жария болды
491
Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігі президент сайлауына ұсынбаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Мұқалмас" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстың филиалының жетекшісі Майра Төлеубекқызы осындай мәлімдеме жасады. Сөзінше, ұйымның жиынына қатысқан 15 аймақтық филиал жетекшісінің 13-і экс-депутат Нұржан Әлтаевтың кандидатурасына қарсы дауыс берген. Жалпы бірлестік атынан сайлауға үміткер ұсынбау деген бастаманы көбі қолдаған көрінеді.
Бірлестік өкілінің сөзінше, онлайн өткен жиында "Мұқалмас" ұйымының төрағасы президент сайлауына Ермұрат Бапидың және Серікжан Мәмбеталиннің коалицияның атынан өз кандидатурасын ұсынбақ екенін айтқан. Ал ұйымға Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын қолдауды тапсырады.
Майра Төлеубекқызы осыдан кейін бірден сотқа шағым түсірген. Ал кеше, 17 қазан күні Астанадағы Байқоңыр ауданының соты Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну бойынша "Мұқалмас" бірлестігі отырысының хаттамасын жарамсыз деп таныды.
Нұржан Әлтаевты 7 қазанда республикалық "Мұқамас" қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын. Алайда кандидат ұсынған құжаттар ОСК мүшелерінің арасында күмән тудырды. Бірлестік сотқа шағым түсіргеннен кейін ОСК кандидат Әлтаевтың талаптарға сәйкестігін анықтау рәсімін уақытша тоқтатқан.

Өткелі жатқан президент сайлауына "Мұқалмас" ешкімнің кандидатурасын ұсынғалы жоқ еді. 24 қыркүйекте біздің бірлестіктің үлкен басқосуы өтті. Сол жерге жиналғандардың барлығы президенттік сайлауға кандидат ұсынбау туралы ұсынысты қолдады. Алайда 6 қазан күні топтың ортақ чатына оппозиция коалициясының атынан онлайн конференция өтетіні туралы хабар келеді. Бірақ мен бұл хаттың орысша жазылғанына таң қалдым, себебі коалиция әдетте хатты қазақша жазатын, - дейді Төлеубекқызы.
Бірлестік өкілінің сөзінше, онлайн өткен жиында "Мұқалмас" ұйымының төрағасы президент сайлауына Ермұрат Бапидың және Серікжан Мәмбеталиннің коалицияның атынан өз кандидатурасын ұсынбақ екенін айтқан. Ал ұйымға Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын қолдауды тапсырады.
Бірақ жиналғандардың көпшілігі, оның ішінде мен де бармын - бұл ұсынысқа қарсы болдық. Алайда кейін біздің көзқарасымызды елемей, "Мұқалмас" ұйымының төрағасы, Аманғазы Зайтов, Құрманғазы Айтмырза мен Оразымбет Тұрлыхан ОСК-ға (Орталық сайлау комиссиясы) Әлтаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі хаттаманы апарып өткізеді. Бұл шешімге біз қатты таңқалдық, - деп жалғады Төлеубекқызы.