Елордада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді

461
Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Үкіметінің Telegram-каналында хабарланғандай, отырысқа келесілер қатысады: Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметі басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов.

27 қазанда Астанаға Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин келді. Оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин қарсы алды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.