Қызылордада 2 айлық сәби шетінеп кетті

2 500

Фото:© Видеодан скринҚызылорда қаласындағы ауруханада екі айлық нәресте көз жұмды. Сәби он күннен аса жансақтау бөлімінде жатып, азап шеккен екен. Жалғыз қызынан айырылған ата-анасы аурудың асқынып кетуіне жекеменшік емхана дәрігерлерін кінәлап отыр. Ақ халаттылар өз істеріне немқұрайлы қарап, дер кезінде медициналық көмек көрсетпеді дейді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Екі айлық Іңкәр Әмиттің дертінің алғашқы белгілері бір ай бұрын басталған. Содан бері жекеменшік емхана дәрігерлеріне талай рет жүгінген көрінеді. Алайда ақ халаттылар өз міндетін тиісінше атқармағанын айтады. Соның кесірінен кішкентай қыздың ауруы асқынып, ақыр соңында шетінеп кетті.

Бір ай бойы мен дәрігерлерден көмек сұрадым. Жекеменшікке де бардым. Бірақ кешігіп қалдық. Өйткені емханаға сенім жоқ. Маған көмек болған жоқ. “Ішіне салқын тиді” деп жүре берді. Олар инфекциялық бөлімге бар деп маған нұсқау беру керек еді. Ондай ештеңе болған жоқ. Маман жауапсыз”, – деді Іңкәр Әмиттің анасы Әйгерім Серікбаева. 

Жақындарының айтуынша, нәрестенің жүрегі сепсис деп аталатын инфекциялық аурудан тоқтаған. Оның өзін тек жансақтау бөліміне түскенде, бір-ақ білдік дейді туыстары. Сондықтан қара жамылған отбасы емхана дәрігерлерінің заң алдында жазалануын талап етеді.

“Маған “сіз не айтып отырсыз, реанимацияда бала жатқан жоқ қой” дейді. Реанимацияда жатқанына он күн болды десем, олар тіпті білмейді ғой. Баланы сойдыру да оңай болған жоқ. Ол ауыр тиді. Сот-медициналық сараптамаға кетті. Біз арыз жазып жатырмыз”, – деді Гауһар Әмит.

Ал медицина мамандары нақты шешім қабылдау үшін тексеру нәтижесін күтіп отыр екен.

“Барлық деңгейде өзінің тарапынан кеткен кемшіліктер болады. Оны сол сараптамадан кейін белгілі болады. Аурудың әр күрделілігіне байланысты консилиумдар ұйымдастырылады. Қажетті мамандарға тексерілуге жіберіледі. Бұл қызға байланысты мен ашып ештеңе айта алмаймын. Барлығы тексеруден кейін белгілі болатын жағдай”, – деді "ALEXEY SULTAN-AKHMET" емханасы бас дәрігерінің орынбасары Әйгерім Әбдукәрімова.

Қазір бұл жағдайға байланысты "медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндетін тиісінше орындамау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.