«Ассамблея аруы – 2025» сұлулық байқауы өтті

2 508

Фото: Ассамблея ҚызылордаҚызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай және «Мың бала» жобасы шеңберінде алғашқы облыстық «Ассамблея аруы – 2025» сұлулық байқауы ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Байқаудың негізгі мақсаты – этнос жастары арасындағы бірлікті нығайту, мемлекеттік тілді дәріптеу және ұлттық мәдениетті насихаттау.

17-27 жас аралығындағы сегіз қатысушы бірнеше кезеңде өз өнерін көрсетті. Қатысушылар таныстыру, білім мен парасат, ұлттық киімдер дефилесі және шығармашылық өнер сияқты сынақтардан өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Сырдария ауданының славян этносы өкілі Лидия Мясцова жеңіп алды. І орын – Байқоңыр қаласынан әзірбайжан этносы өкілі Сабина Мурадоваға, ІІ орын – Қызылордадан өзбек этносының өкілі Гульбахор Искаковаға, ал ІІІ орын – Қызылордадан тәжік этносының өкілі Нұржайна Джурабаеваға берілді. Сонымен қатар қатысушыларға арнайы номинациялар мен сыйлықтар табыс етілді.