ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 530

Фото: ©  Қазалы сигнализация және байланыс  мекемесіБүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясы мекемесінің ұжымымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өткізді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Ата заң жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары туралы ақпарат берілген.

Жиында аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасының ерекшеліктерінеФото: ©  Қазалы сигнализация және байланыс  мекемесі тоқталды. Оның айтуынша, құжатта саяси институттардың атауын өзгертуге емес, елдің стратегиялық даму бағыттарын жаңартуға басымдық берілген.

Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелер қарастырылғаны айтылды. Құжаттың бір бөлімі адам капиталын дамыту тақырыбына арналған.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары түсіндіріліп, пікір алмасу өтті. Сонымен қатар жобаның қоғамдағы реформалар мен мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты тұстары талқыланды.

Іс-шара соңында мекеме қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, ұсынылған конституциялық өзгерістер туралы ойларымен бөлісті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.