«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының депутаттық фракция отырысы өтті
Фракция отырысына партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев қатысты, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі, партияның қалалық филиалының депутаттық фракциясының 2024 жылғы жарты жылдықта атқарған жұмыстары. Екіншісі, депутаттық фракция мүшелерінің алдында тұрған мақсаттары мен міндеттері талқыланды.
Алғаш болып баяндама жасаған фракция жетекшісі Талғат Мақаш ағымдағы жылдың І жартыжылдығында фракция мүшелерінің атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталды.
Есепті кезеңда партияның қалалық филиалының депутаттық фракциясының 4 отырысы өтіп, 6 мәселе қаралды.
Партияның 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасының Қызылорда қаласына қатысты тармақтарының орындалу барысы, фракция мүшелерінің сайлаушылармен кері байланысы, азаматтарды жеке қабылдау бағыттары бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді. «AMANAT» партиясының Қызылорда облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған өңірлік Жол картасының Қызылорда қаласына тиісті 82-іс шарасы жоспарланған. Жарты жылдық есепке сәйкес 82-іс шараның 7-і орындалды.
Сонымен қатар, Сайлауалды науқан кезінде азаматтардан түскен 166 өтініш тілектің 150-ы (90,36%) орындалды. Түскен өтініш тілектерді салалық ерекшеліктері мен мәселе сипатына қарай бөлер болсақ 166 ұсыныстың 114-і инфрақұрылымдық, 40-ы әлеуметтік, 12-і демеушілік және қаржылай көмек сұраған болатын. Бұл мәселелер үнемі депутаттық фракция мүшелерінің назарында.
Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы «AMANAT» партиясымен атқарылып жатқан келелі жұмыстарды баяндай келе, депутаттық фракция мүшелерінің алдында тұрған мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды. Партияның өңірлік Жол картасының орындалуына жауапты фракция мүшелерінің күш салу қажеттілігін жеткізді.
Сонымен қатар, партияның аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен өтініштерді уақтылы қарау керектігі, партияның беделін арттыру, халықпен тығыз байланыста жұмыс жасау бағыттарына нақты тоқталды.
Бүгінде Қызылорда қаласында партияның «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» жобалары қарқынды іске асуда. Өткен жылы қалада «Ауыл аманаты» жобасы аясында 27 жоба мақұлданып, жұмыс жасауда. Ал «Жер аманаты» жобасы бойынша қаладағы игерілмеген жер телімдерінің 807 га қайтарылды.
Фракция отырысында партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы Жол картасының Қызылорда қаласында орындалуына, сайлаушылардың талап тілектерін қанағаттандыруға және партиялық жобаларды әрі қарай жүзеге асыру бағытында бірлесіп жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.
Фото:«AMANAT» партиясы