АРАЛДАҒЫ ЖҰМБАҚ ӨЛІМ

2 529

Фото: Opennews.kz ЖИ

Аралда 1988 жылы туған азаматтың мәйіті үй ауласындағы гараждан зорлық-зомбылық белгілерімен табылған, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, күдікті ретінде 1987 жылы туған азаматқа іздеу жарияланғаны көрсетілген.

Қазір бұл оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде түрлі пікірлер мен ақпараттар айтылуда. Алайда істің нақты мән-жайын тергеу органдары анықтайтынын ескерген жөн. Қоғамды алаңдатқан басты сұрақ – бұл қайғылы оқиғаның нақты мән-жайы қандай? Қылмысқа не себеп болған? Тергеу барысында қандай деректер анықталды?

Осыған байланысты Қызылорда облысының Полиция департаментінің ресми түсіндірмесін күтеміз. Ресми ақпарат жарияланған жағдайда, оқиғаның мән-жайын қосымша хабарлаймыз.

 Ескерту: Кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталғанға дейін кез келген адам кінәсіз деп есептеледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.