ЖАҢАҚОРҒАНДА МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 500

ЖАҢАҚОРҒАНДА МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«ЕЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕРЕН ЕҢБЕК»: МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін «Руханият» орталығында аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің қатысуымен Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Ел игілігі жолындағы ерен еңбек» атты салтанатты іс-шара өтті.

Жиында аудан әкімі мұнай-газ саласының ел экономикасындағы маңызына тоқталып, сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

- «Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мұнай-газ саласы – еліміздің экономикалық қуатын арттырып, өндірістің тұрақты дамуына серпін беріп отырған маңызды салалардың бірі. Бұл сала мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруда да өзіндік орны бар. Әсіресе табиғи газдың халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартудағы маңызы ерекше. Ауданымызда елді мекендерді газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалуда.

Бүгінде аудандық газ шаруашылығында 36 қызметкер еңбек етеді. Сіздер аудан тұрғындарын табиғи газбен үздіксіз әрі қауіпсіз қамтамасыз етіп, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетіп келесіздер. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды жұмыс. Сондықтан әрбір маманның еңбегі зор құрметке лайық.

Сіздерге еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!» – деді аудан басшысы.

Салтанатты жиында мұнай-газ саласының дамуына және ауданның әлеуметтік - экономикалық өркендеуіне елеулі үлес қосқан сала мамандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, жиында еңбек ардагері Серқожа Ыдырысов сөз сөйлеп, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.

Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.