«Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясы қазақша аударылды

603

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

2023 жылдан бастап Nickelodeon телеарнасы «Шаршы шалбар Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясын қазақ тілінде көрсетеді. Бұл туралы аталған телеарнаның вице-президенті Мария Косарева айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Келесі жылы кішкентай көрермендеріміз тамашалайтын контентке қысқаша тоқталып өтсем. Ол - «Коралл» лагерінің жалғасы, яғни «Шаршы шалбардың» (Спанч Боб) балалық шағы. Бұл достық жайындағы тамаша оқиға және әртүрлі адамдардың ортақ тіл табысуы жайында сыр шертеді. Мультфильм - International мен Nickelodeon Үндістанның бірлескен туындысы», - деді ол елордада өтіп жатқан І Орталық Азия медиафорумында.

Оның айтуынша, оқиға желісінде екі ағайынды уақыт машинасын тауып алып, саяхатқа шығады.

Мультфильмде батыс пен шығыстың мәдениеті тамаша үйлестірілген.

«Жалпы келесі жылы көрермен 400-ден астам серияны қазақ тілінде тамашалауға мүмкіндік алады. Мұнан өзге де тосынсыйлар әзірлеп жатырмыз», - деді Мария Косарева.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.