Амангелді Имановтың еш жерде жарияланбаған портреті табылды

1 930

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушыcы Амангелді Имановтың  70 жыл бұрын салынған портреті табылды, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Батырдың құнды портреті жайлы "Хабар 24" арнасы жазды. Дерекке сүйенсек, портрет Қостанайдағы облыстық өлкетану мұражайынан табылған. Бұл сурет ұлт азаттық көтерілісінің 40 жылдығына орай 1956 жылы салыныпты. Авторы — Крутильников деген суретші. Содан бері еш жерде көрсетілмеген. Мұражай директоры Батырхан Жұмабай көне жәдігерді Астана қаласында Аманкелді Имановтың 150 жылдығына орай өтетін көрмеге материалдар іздестіру кезінде қоймадан шыққанын айтып берген.

70 жылға жуық уақыт ішінде еш жерде жарияланбаған. 3 сәуірде Елорда төрінде, Астанада жарыққа шығарылады. Бұл көрме тек Астанада ғана болмайды, әрі қарай бізде Ақтөбе облысы сұратып жатыр. Жаз мезгілінде Абай облысында көрсетеміз, — дейді мұражай директоры.

Батырдың портрет-плакаты сол өткен ғасырдың ортасында қазақ мемлекеттік баспасынан 15 мың данамен басылып шыққан. 1 данасының құны 1 сом 25 тиынға бағаланған екен. Қоймадан сонымен қатар балаларының, жүзбасы, мыңбасыларының да суреттері табылған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.