«Күйзеліс сәттерімнің бәрі бар»: Димаш Құдайберген ерекше жаңалығын жариялады

2 502

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram/kudaibergenov.dimashӘлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі “Мэдисон-сквер-гарденде” өткен “Stranger” атты кешіндегі сахна сыртынан тыс кадрлардың бәрі бір деректі фильмге біріктіріліп, көрерменге жол тартатынын мәлімдеді. Ол туындыда әнші өзінің қуанған, қиналған сәттерінің бәрін көрсетпек, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Тиктоктағы тікелей эфирге шықпас бұрын әнші жұртшылыққа ерекше жаңалығы барын хабарлаған еді. Ол жаңалығын жұмбақтап, айтарын тікелей эфирге қалдырған. Оны тікелей эфирде 15 мың адам қарап отырды. Әнші үш тілде сөйледі.

“Айтамыз деген жаңалығымыз: азір өтіп жатқан турдың алдында былтыр “Stranger” атты турымызды өткізген едік. 60-70 концерт аралығында әлемде үлкен кештерді өткіздік. Достарымыздың үндеуімен, бауырларымыздың тілегімен ТМД елдері ішінде бірінші әртіс болып, Нью-Йорктегі “Мэдисон-сквер-гарденде” концерт берген соң соны таспалап алайық, ертең халыққа көрсетейік деген балалардың нұсқауымен әдемі деректі кино түсірдік. Сахна сыртындағы қызықты жайттар, дайындық барысында күйбең тірлік, күйзеліс сәттерінің бәрі таспаланды. Ешқандай қойылымсыз болды. Мен камераны аса қатты жақсы көрмей, түсірмеуді сұрап отырсам да, балалар әп-әдемі бір деректі фильм дайындап қойған екен. Келесі айдың басына немесе ортасына таман сол деректі фильм жарық көреді. Қазір қайда жүктейтінімізді ойланып отырмыз. Көрем деген адам көре берсін”, – деді ол.

Былтыр 5 қазан күні Нью-Йорктің әйгілі Madison Square Garden аренасында алғаш рет Қазақстанның әнұраны шырқалған еді. Мыңдаған көрермен алғаш рет ТМД елдерінен шыққан әртіс – Димаш Құдайбергенді «Stranger» атты жеке концертінде қарсы алған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.