Сақ дәуіріне жататын темір қанжар табылды

2 531

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіҚарағанды облысында археологтар сақ дәуіріне жататын темір қанжар тапты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Темір қанжар мен рәсімдерге арналған ыдыс Шет ауданында Талды тарихи-археологиялық паркінен табылған. Байқасқа қорымында үш қорған зерттелген. Тарихшылар бұл қорғандар белгілі бір ереже бойынша салынғанын анықтаған. Темір қанжар осы жерден табылды.

«Археологиялық зерттеулер» ЖШС директоры Ерлан Әміровтің айтуынша, табылған қанжар – скиф-сақ триадасына кіретін қару. 


"Бұл – біздің дәуірімізге дейінгі 3-2 ғасырлардағы қанжар, сақ дәуірінен ғұн-сармат кезеңіне өту уақытына тиесілі", - дейді ол.

Жұмыс барысында шағын, орта және үлкен қорғандар да табылған. Олардың биіктігі қайтыс болған адамның материалдық байлығын немесе әлеуметтік мәртебесін көрсетеді деп болжанып отыр.


Сондай-ақ керамикалық ыдыс табылды. Оны қандай да бір салттық рәсімге пайдаланған деген қорытынды жасалды. Оған ыдыстың қалай орналасқаны себеп болған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.