Әскери-патриоттық әндер фестивалінің жеңімпаздары анықталды

2 513

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: rus.baq.kzЕлордада Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер мен шығармашылық фестивалінің финалы өтіп, үздік жас орындаушылар мен өнер ұжымдары марапатталды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Биыл 28-рет ұйымдастырылған шара Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, байқауға еліміздің барлық өңірінен келген 27 команда қатысып, 100-ден астам жас өнерпаз өнер көрсетті.

Фестивальға «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері, әскери-патриоттық клуб мүшелері, әскери колледж кадеттері және «Арыстан» мамандандырылған лицейінің оқушылары қатысты.

Байқау «Вокалдық орындаушылар», «Фольклорлық орындаушылар» және «Вокалды-аспаптық ансамбльдер» номинациялары бойынша өтті. 

Салтанатты марапаттау рәсімінде «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, генерал-майор Марат Нағұманов жас өнерпаздарды құттықтап, фестивальдің отаншылдықты нығайтудағы рөліне тоқталды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.