Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы арзандады

2 531

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

inform.kzСауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының Ұлттық статистика бюросындағы былтырғы және биылғы тамыз айындағы бағаларына талдау жүргізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Күнбағыс май: Елде жыл басынан күнбағыс  майының бағасы 15% арзандаған. Былтыр тамызда күнбағыс майының 1 литрі 781 теңге болған болса, биыл бұл баға 626 теңгеге дейін арзандаған.


Пияз:  Пияз бағасы  былтыр 177 теңге болса, биыл дүкен сөрелеріне 129 теңгеден сатылуда.


Қырыққабат: Қырыққабат осыдан 1 жыл бұрын 159 теңгеден сатылған болса, қазір республика бойынша орташа бағасы 124 теңгені құрап тұр.


Қант: Былтыр қанттың 1 келісі 434 теңгеге дейін жетсе, қазір оның бағасы 415 теңгеге арзандаған.


Сәбіз: Сәбіздің келісі бір жыл бұрын 198 теңгеден саудаланса, биыл 188 теңгені құрап отыр.


Қарақұмық жармасы: Қарақұмық жармасының құны тура 1 жыл бұрын 338 теңге болса, қазір республика бойынша орташа баға 222 теңгеге арзандаған.


Бидай ұны: Бірінші сорт бидай ұнының 1 келісі  2023 жылдың тамызында 232 теңге тұрса, биыл 228 теңгеге түскен.


1 жыл ішінде тұз бен рожки бағасы еш өзгеріссіз қалған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.