«Болашақ» үміткерлерінен француз тілін тегін оқуға өтінім қабылдау басталды

1 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Техникалық қызметкерлер мен IT мамандары бір жыл бойы тегін француз тілі курстарынан өте алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Дайындық Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Шымкент қалаларында орналасқан Француз Альянсының орталықтарында өтеді.


«Халықаралық бағдарламалар орталығы және Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы келісімнің арқасында қазақстандық техникалық қызметкерлер мен IT мамандар бір жыл бойы тегін француз тілі курстарынан өтуге мүмкіндік алды. Бұл – француз тілін бастауыш деңгейден меңгеруді қалайтындар үшін, сондай-ақ кәсіби деңгейде меңгеруге ниет білдіретіндер үшін керемет мүмкіндік», - деп атап өтті Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.


Конкурстық іріктеуге жасы 35-ке толмаған инженерлік-техникалық саладағы жас мамандар қатыса алады. Сонымен қатар, үміткерлер дипломының орташа балы – GPA кемінде 4.00-ден 3.00 болуы керек.


Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 25 маусымға дейін қабылданады. Конкурстық іріктеу мен тілдік дайындықты Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Француз Альянсы өткізеді.


Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап инженерлік-техникалық қызметкерлер «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына жеңілдетілген шарттармен қатысады. Техникалық қызметкерлер құжат тапсырған кезде шетелдік ЖОО-ға өз бетімен түсуге міндетті емес. Олардың стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында білім алуға ұсынылған университеттер тізімінен оқу орнын таңдауға мүмкіндігі бар.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, 5 маусымда «Болашақ» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың үшінші легі басталады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.