Су ресурстарының мамандықтарына арналған грант саны ұлғаймақ

1 448

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Су саласындағы сұранысқа ие мамандықтары бойынша жоғары білім алу гранттары көбейе түспек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында көтерілді.


«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен бірлесіп, су саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін аталған жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы бекітіледі. Бұл жұмыстар 2023-2029 жылдар аралығында жүргізіледі. Сонымен бірге, су саласындағы инновациялық пәндерді қоса отырып, білім беру бағдарламалары жаңартылады. Су саласының сұранысқа ие пәндері бойынша жоғары білім алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарының санын ұлғайтылады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған 6 жылдық тұжырымдамада.


Мұнымен қатар, жұмыс жоспарында баяндалғандай, келер жылдан бастап Ертіс, Деркөл, Елек, Есіл, Тобыл, Нұра, Шу, Селета, Қаратал, Топар, Сырдария, Ойыл, Жем, Сағыз өзендерінің арнасы тазартылады. Олар тиісті өңір әкімдіктерімен бірлесе орындалады.


Құжат 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.