Оқулықтарды таңдау жүйесі автоматтандырылды

2 617

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Коллаж: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіБұдан бұлай мұғалімдер сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне қарай, өздеріне ұнайтын оқулықты ETANDAU.GOV.KZ платформасы арқылы таңдай алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазір электронды платформа Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Қостанай облысының бірқатар мектебінде апробациядан өткен.


"ETANDAU.GOV.KZ – мұғалімдерге арналған оқулықтарды таңдаудың ашық жүйесі. Апробация кезінде оның функционалдығы және жұмысты оңтайландыру мүмкіндіктері расталды. Педагогтер оқу процесінің ерекшеліктері мен ұйымдастырылуын ескере отырып, өздеріне ұнайтын оқулықты өз бетінше таңдай алады", – деді Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының директоры Назира Әбдірахманова.


Қазір мұғалімдер платформаны пайдалану бойынша оқытудан өтіп жатыр. Бұл бастама білім беру сапасын және тиімділігін арттыруға тағы бір қадам болмақ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.