Жас өнертапқыш министрлікпен бірлесіп «ауадан су алу» жобасын іске қоспақ

2 542

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:egemen.kzСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматыдағы №79 гимназияның оқушысы, жас өнертапқыш Дана Қадырбекпен кездесті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Ол заманауи наноматериалдар көмегімен атмосферадағы ылғалды электр желісін қолданбай-ақ жинайтын құрылғы әзірлеген. Кездесу барысында тараптар жобаны пилоттық режимде жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойды.

Министрлік құрылғының жұмысын бірлесіп талдап, технологияны сынақтан өткізіп, кеңінен қолдану мүмкіндігін зерттемек. Ведомство басшысы әзірлемені қолдауды Ғылым және инновациялық технологиялар департаментіне тапсырды.Сондай-ақ Дана Қадырбек алғыс хат пен сыйлықпен марапатталды.

Нұржан Нұржігітов жас өнертапқыштың су үнемдеу саласындағы бастамасын ерекше атап өтіп, бұл құрылғының шалғай аймақтардағы су тапшылығын шешуге көмектесе алатынын айтты.

Дана Қадырбектің жобасы халықаралық деңгейде жоғары бағаланған. Ол Оңтүстік Кореядағы WICO көрмесінде 36 елден келген қатысушылар арасында I орынды, сондай-ақ Индонезиядағы YISF халықаралық жәрмеңкесінде де I орынды жеңіп алған. Жоба UNIDO-ның GCIP халықаралық бағдарламасының жартылай финалистерінің қатарына енді.

Жас өнертапқыш министрліктің қолдауы құрылғыны далалық жағдайда сынауға және жобаны пилоттық іске қосуға мүмкіндік беретінін айтты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.