Қызылорда облысындағы мектепке дейінгі ұйымдарда 500-ден астам заң бұзу әрекетері анықталды

2 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Оқу-ағарту министрлігіПрокурорлар мектепке дейінгі ұйымдарда 500-ден астам санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілерін анықтады,  -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәселен, Байқоңыр қаласының үш балабақшасында тамақ өнімдерін (ыдыс-аяқ, нан тақтасы, шикі көкөністер, үй кеспесі) микробиологиялық зерттеу нәтижелерімен ішек таяқшалары анықталды.


Осындай дерек Сырдария ауданындағы балабақшалардың бірінде орын алды.


Сонымен қатар, Жалағаш ауданындағы екі балабақшада жарамдылық мерзімі өтіп кеткен кондитерлік және сүт өнімдері (печенье «Юбилейное», «Пионер», қаймақ «Буренушка») берілген.


Шиелі ауданындағы төрт мектепке дейінгі ұйым осы күнге дейін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеп келген.


Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен Сырдария, Қармақшы және Жалағаш аудандарының балабақшаларында дәлелді себепсіз іс жүзінде бақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төленген (ауруы туралы медициналық анықтама немесе арыз болмаған), соның салдарынан бюджеттен 22 млн теңге көлемінде қаржы негізсіз аударылған.


Сырдария ауданында жалған дипломмен 11 тәрбиешінің жұмыс жасау фактісі анықталды.


«Материалдар арыздар мен хабарламаларды есепке алу кітабына тіркеліп, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Сырдария ауданының полиция бөліміне жіберілді»,-делінген хабарламада.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.