СҚО-да мұғалім мектепте ақша жинауға мәжбүрлегенін мәлімдеді

2 502

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИСолтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы мұғалімдері жүйелі түрде ақша жинау туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде мұғалімнің жазбасы тарады. Ұстаздар мәселені ашық айтуға жұмыстан шығарып жібере ме деп қорқады.

- Көп жылдан бері бізден Қарттар күніне біркүндік еңбекақымызды жинап алады. Сондай-ақ, 9 мамыр күні ардагерлерге деп жинайды. Соңғы 3-4 жылдан бері біркүндік емес, 50% алатын болды. Ауданда ардагерлер қалмады, сонда да жинайды. Биыл бізге 100 мың теңге жинау қажет деді. Мектебімізге 17 зейнеткер бекітілген. Кәсіподақ төрағасына бұйрық береді, осындай сома керек деп. Директорымыз «ешқандай бұйрық берген жоқпын, тізімді әкімдіктен әкелді» деп айтты, - дейді атын атамауды сұраған мұғалім. 

СҚО Білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаеваның айтуынша, ведомствоға мәжбүрлі ақша жинауға қатысты бір де бір шағым түспеген. 

- Қазіргі уақытта тиісті ақпаратты тексеру және мәліметтерді нақтылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Білім басқармасы білім беру ұйымдарына Қарттар күніне арналған іс-шараларды мұғалімдерден, білім алушылардан және ата-аналардан міндетті түрде ақша жинамай және дастарқан жаймай, шығармашылық концерттер мен мерекелік бағдарламалар форматында өткізуді ұсынады.
Білім беру ұйымдарында ақшаны мәжбүрлеп жинауға тыйым салынғанын ескертеміз. Мұндай іс-шараларға қатысу тек ерікті түрде ғана жүзеге асырылады. 
Егер де ақша жиналғандығы жөнінде шағым түсіп, факт болса, білім басқармасы тексеру жүргізіп, құқықтық баға беріледі, - деді Әсел Оразбаева. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.