Мектептегі есептілік азаяды: Министр сүйінші жаңалық айтты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында педагогтердің жұмысын бюрократиядан арылту мақсатында қандай жұмыс жүргізілетінін айтты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шараларды қабылдайтыны айтылды.
Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, педагогтердің кәсіби қызметіне тән емес жүктемесін азайту және олардың қоғамдағы мәртебесін нығайту мәселесі өте өзекті.
Министрлік тарапынан қайталанатын функцияларды анықтау, деректерді интеграциялау және шығыстарды оңтайландыру мақсатында орта білім беру саласындағы цифрлық жүйелердің тиімділігіне бағалау жүргізілді.
Қаз
Рус






