Тоқаев қазақ тілін үйренуді жеңілдетіп, қолжетімді етуді тапсырды

2 506

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ақорда баспасөз қызметіПрезидент Қазақстанда мемлекеттік тілді үйренуге ниетті азаматтардың қатары артып келе жатқанын айтты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты қазақ тілін меңгергісі келетіндерге қолайлы жағдай жасау керегін мәлімдеді. 

Ол үшін Тоқаев оқытудың заманауи тәсілдерін әзірлеуді, соның ішінде қазақ тілін тез әрі оңай үйренуге көмектесетін цифрлық сервистерді дамытуды ұсынды.

Бұл жұмысқа тіл мамандары мен IT саласының өкілдерін тарту қажет екенін айтты.

“Қазақ тілін білген адам қазақ халқын, жалпы Қазақстанды таниды. Тілді үйренген әрбір азамат еліміздің тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінеді”, – деді Тоқаев.

Бұған дейін Қазақ тілін дамыту қорында 824 миллион теңге жиналғаны туралы жазған едік. Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлы Президентке "Қазақ тілі" қоғамы үш бағытта жұмыс істеп жатқанын айтты. Олар – қазақ тілін оқыту тәсілдерін жетілдіру, қазақша контентті көбейту және жаңа технологиялар арқылы тілдің қолданыс аясын кеңейту.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.