Тоқаев қазақ тілін үйренуді жеңілдетіп, қолжетімді етуді тапсырды
Президент Қазақстанда мемлекеттік тілді үйренуге ниетті азаматтардың қатары артып келе жатқанын айтты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты қазақ тілін меңгергісі келетіндерге қолайлы жағдай жасау керегін мәлімдеді.
Ол үшін Тоқаев оқытудың заманауи тәсілдерін әзірлеуді, соның ішінде қазақ тілін тез әрі оңай үйренуге көмектесетін цифрлық сервистерді дамытуды ұсынды.
Бұл жұмысқа тіл мамандары мен IT саласының өкілдерін тарту қажет екенін айтты.
Бұған дейін Қазақ тілін дамыту қорында 824 миллион теңге жиналғаны туралы жазған едік. Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлы Президентке "Қазақ тілі" қоғамы үш бағытта жұмыс істеп жатқанын айтты. Олар – қазақ тілін оқыту тәсілдерін жетілдіру, қазақша контентті көбейту және жаңа технологиялар арқылы тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Қаз
Рус






