1,7 мыңнан астам білім саласы қызметкерінің құқығы қорғалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жетісу облысы Ақсу ауданының прокуратурасы білім беру саласының 1,7 мыңнан астам қызметкерінің профилактикалық медициналық тексерулерден уақтылы өтуге қатысты конституциялық құқықтарын қалпына келтірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мектептерде, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында қызметкерлердің медициналық тексерулерден, оның ішінде скринингтік зерттеулерден уақтылы өтуіне кедергі келтірген заң бұзушылықтар анықталды.
— Аталған заң бұзушылықтар азаматтардың Конституциямен кепілдік берілген денсаулығын сақтау құқықтарына нұқсан келтірген. Аудан прокуратурасының енгізген ұсынуы негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, кінәлі 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды, — делінген хабарламада.
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, еңбек және денсаулық сақтау салаларындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырады.
Қаз
Рус






