1,7 мыңнан астам білім саласы қызметкерінің құқығы қорғалды

2 506

Фото: Opennews.kz ЖИЖетісу облысы Ақсу ауданының прокуратурасы білім беру саласының 1,7 мыңнан астам қызметкерінің профилактикалық медициналық тексерулерден уақтылы өтуге қатысты конституциялық құқықтарын қалпына келтірді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Мектептерде, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында қызметкерлердің медициналық тексерулерден, оның ішінде скринингтік зерттеулерден уақтылы өтуіне кедергі келтірген заң бұзушылықтар анықталды.

— Аталған заң бұзушылықтар азаматтардың Конституциямен кепілдік берілген денсаулығын сақтау құқықтарына нұқсан келтірген. Аудан прокуратурасының енгізген ұсынуы негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, кінәлі 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды, — делінген хабарламада.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, еңбек және денсаулық сақтау салаларындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.