Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері ЮНЕСКО мандатымен сабақтасуда

323
Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккат Ахмет Байтұрсынұлының еңбек жолы жайлы  пікір білдірді, -  деп хабарлайдыOpennews.kz ақпарат агенттігі.

«Ахмет Байтұрсынұлы ғажайып әдебиетші, педагог, ғалым болған. Оның есімі қазақ әліпбиіне араб графикасының негізінде жасаған реформасымен танымал. Ол түзген әліпби қазақ жазуын шекарадан тыс өмір сүріп жатқан миллиондаған қазақтарға қолжетімді етті», - деді ЮНЕСКО өкілі. Сондай-ақ, ол Ахмет Байтұрсынұлы қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануының негізін қалаушылардың бірі екенін атап өтті. «Ол бүкіл мансабында жаппай сауаттылықты дамытуды мақсат етті. А.Байтұрсынұлының ақын-аудармашы ретіндегі репутациясы да мығым. Ол орыс әдеиетінің ұлы шығармаларын аудару арқылы қазақ пен орыс халықтарының мәдени диалогына жол ашты. Нақты айтсақ, орыс ақыны Иван Крыловтың шығармаларын аударды. А.Байтұрсынұлының еңбектері мен қызмет жолы ЭНЕСКО-ның жұмысымен, білімді ілгерілету және мәдениетаралық диалогты қалыптастыру бағытындағы мандатымен сабақтасып жатыр», - деді Криста Пиккат.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.