Кәсіпорын өзіне қажет маманды колледждерде оқыта алады
503
Білім және ғылым министрлігі: бұдан былай кәсіпорын иелері өздеріне қажет кадрларды колледждерде оқыта алады дейді , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай мемлекеттік тапсырыстың артықшылығы бар. Яғни студент колледжді бітіргеннен кейін тапсырыс берушінің кәсіпорнына жұмысқа орналасады. Биыл кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр.
«Мұндай ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын жаңартуға және еңбек нарығының сұранысына сай кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Б елгілі бір мамандарға өтінім беру арқылы кәсіпорын өз өндірісіне сай дайындалған кадрларды жұмысқа алады. Кәсіпорын колледж-студент-кәсіпорын үшжақты келісімшартына отырғаннан кейін оқуын аяқтаған студентті жұмысқа орналастыруға міндетті болатынын айта кетейін», - деп атап өтті минипстрліктің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
Айта кетейік, мұндай ынтымақтастық тек студенттер үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де тиімді. Өйткені келісімшарт жасалғаннан кейін педагогтер серіктес кәсіпорын базасында тағылымдамадан өте алады. Оқу нәтижесі бойынша кәсіпорын студенттерден қорытынды емтихан қабылдайды.
Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де нысаналы тапсырыс беріледі. Оларға мамандықтар тізімі бөлініп, түлектердің оқу мүмкіндіктеріне сәйкес жеке, бейімдеу бағдарламалары әзірленеді.