1 сынып оқушыларының құжаттарын 1 сәуірде бастап қабылдайтын болды

658

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

©  Пресс-служба  акима ЮКОЕлімізде 1 сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасын табады. «Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім»-, деп хабарады ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ата-аналар мектепті толыққанды қадағалап, оқуға қажетті құжаттарды уақтылы тапсыруы тиіс. Сонымен қатар, балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Ал, мектеп басшылығы сыныптарды реттестіріп және керекті кітаптарды алдын ала сатып алуға міндетті. Сондай – ақ, мұғалімдер құрамын анықтай отырып, сағат саны бөлінуі керек. 


Мектепке қабылдану туралы өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі: 

- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар); 

- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 

- «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

 - 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

 - 3х4 көлеміндегі 2 фото. 

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.