Балабақшаларды лицензиялаудың қажеттілігі жоғары – министр
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларға қойылатын талаптың қатаңдатылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігі балабақшаларды лицензиялауды енгізуді ұсынған. Министр мұндай шара балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін жасалып отырғанын атап өтті.
Оның айтуынша, оқу-ағарту министрлігі жақын күндері балабақшаларды лицензиялау заң жобасын жасау туралы бастама көтереді. Егер депутаттар қолдаса, заң қабылданады.
Аймағамбетов балабақшаларды лицензиялаудың қажеттілігі жоғары екенін атап өтті. Өйткені күн сайын дерлік түрлі заңбұзушылықтар туралы шағымдар түседі.
Қаз
Рус






