Дәрігерлер 3 жасар қыздың миындағы үлкен ісікті алып тастады

2 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ұлттық нейрохирургия орталығыАстанада дәрігерлер 3 жасар қызға күрделі ота жасап, миындағы үлкен ісікті алып тастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қыздың ата-анасының айтуынша, бүлдіршіннің басы ауырып, тәбеті қашқан, мазасыз бола бастаған. Осыдан кейін ана баласын алып, №2 қалалық көпбейінді ауруханаға барған. Онда науқастың миына КТ жасалды.


Ұлттық нейрохуриргия орталығының дәрігерлері бүлдіршіннің медициналық сараптама қорытындысын қарап, денсаулығының нашарлай бастағанын ескеріп, 3 жасар қызды орталыққа жатқызу керек деп шешім қабылдады.


Нейрохирургтер науқастың миындағы ісікті алып тастау үшін микрохирургиялық ота жасады.


"Операция өте күрделі болды. Себебі, мидағы ісік үлкен болды (6,0*6,5*7,1). Отадан кейін баланың сөйлеуінде, қозғалысында, тыныс алуында, жүрек-қан тамыр жүйесінде ақау туындауы, геморрагиялық және ишемиялық инсульт болуы мүмкін еді. Алайда операция сәтті жасалды. Қазір баланың жағдайы жақсы", - деді дәрігерлер.


Отаны МӘМС аясында ҰНО профессоры, жоғары білікті нейрохирург дәрігер Ғабит Өленбай, нейрохирург, Әлібек Жарасов, анестезиолог-реаниматолог Болатбек Жұбаниязов жасады. 3 жасар бүлдіршін Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына ауыстырылды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.