Мәжіліс ветеринария мамандарын әлеуметтік қолдауға 22 млрд теңге бөлмек

2 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© KazinformВетеринария саласындағы мамандардың мәртебесін көтеріп, олардың заңды мүдделерін қорғау үшін елімізде Ветеринариялық палата құрылады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Депутат Нұржан Әшімбетов халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, саланың мәртебесін нығайтатын жаңа институт туралы айтты.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, ветеринария саласындағы мемлекеттік орган ретінде Ветеринариялық палата нысанында статуарлық орган құру көзделеді, - деді ол.

Әлеуметтік жеңілдікке келер болсақ, ветеринарларға жыл сайынғы демалыс кезінде екі айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы беріледі.

Республикалық бюджеттік комиссия мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуге – 22 млрд теңге, арнайы киіммен қамтамасыз етуге – 1,8 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, - деп түйіндеді депутат.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.