Жапонияда 11 мың теңге тұратын дәрі Қазақстанда 130 мың теңге: Аймағамбетов
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Асхат Аймағамбетов отандық фармацевтика нарығындағы дәрі-дәрмек тапшылығы мен бағаның тым қымбаттығына назар аудартты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, Helicobacter pylori инфекциясын емдеуге арналған вонопразан препаратының бір данасы Жапониядағы құнымен салыстырғанда Қазақстанда шамамен 12 есе жоғары ұсынылып отыр. Егер күншығыс елінде 28 таблетка 11 мың теңге төңірегінде сатылса, бізде тапсырыс арқылы жеткізілетін 100 таблетканың бағасы 463 мың теңгеден асып түседі.
Депутаттың пікірінше, дәрілік заттарды тіркеу ережелерін қарапайымдату жеткіліксіз, ең бастысы — заманауи медициналық препараттардың дәріхана сөрелерінде тұрақты болуын және олардың халыққа қолжетімді бағада ұсынылуын қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты ол аталған түйткілді алдағы Құрылтай отырыстарында арнайы көтеретінін жеткізді.
Қаз
Рус






