Павлодарда емханада қайтыс болған адамдарға медициналық қызмет көрсетілгені анықталды

2 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИПавлодар қаласындағы емханалардың бірінде медициналық қызметтерді негізсіз тіркеу дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Тергеу мәліметінше, медициналық мекеме Медициналық сақтандыру қоры мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қаржыландыру алу үшін базаға жалған мәліметтер енгізген.

Өңірлік экономикалық тергеу департаменті басшысының міндетін атқарушы Ғалиасқар Қасымовтың хабарлауынша, заңбұзушылықтар 2023 және 2024 жылдары тіркелген. Анықталған деректердің арасында қайтыс болған адамдарға медициналық көмек көрсетілді деп жазу және гинекологтың ер адамдарды «емдегені» туралы мәліметтер бар. Бұдан бөлек, аталған емханаға тіркелмеген азаматтарға да медициналық қызмет көрсетілді деп есептелген. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгеден асқан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығына қатысты жүргізіліп жатыр. Әзірге күдіктілер жоқ. Тергеу амалдарына қатысы болуы мүмкін адамдар, оның ішінде дәрігерлер анықталып жатыр. Қасымовтың айтуынша, емханада түрлі медициналық қызмет алған адамдардың саны өте көп. Сондықтан қазір істің барлық мән-жайын толық анықтау жұмыстары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Биыл көктемде Павлодар прокурорлары бюджет қаражаты мен Медициналық сақтандыру қоры активтерінің жұмсалуын тексеру кезінде де жалған медициналық қызметтерді тіркеудің көптеген дерегін анықтаған болатын. Қайтыс болған адамдарға невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да мамандар қабылдау жүргізді деп көрсетілген. Ал акушер-гинекологтың ер адамдарға кеңес бергені туралы мәліметтер тіркелген. Сол деректер бойынша келтірілген жалпы шығын 100 миллион теңгеден асқан.

Еске салайық, бұған дейін Медициналық сақтандыру қорында жүргізілген тексеріс жүйелі мәселелерді анықтаған еді. Астанада бір дәрігер бір күнде 1 442 пациентті қабылдады деп көрсетілсе, тағы бір дәрігердің бір айда 4 832 қабылдау өткізгені тіркелген. Құжаттарда қайтыс болған адамдарға медициналық қызмет көрсетілгені, сондай-ақ пациенттің жынысына сәйкес келмейтін жүздеген мың скрининг жүргізілгені жазылған. Тіпті ер адамдарға маммография жасалды деп көрсетілген жағдайлар да болған.

Осыдан кейін Премьер-министр Олжас Бектенов материалдарды құқық қорғау органдарына жолдауды, ал Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарауына беруді тапсырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімді қолдап, жүйедегі «қарапайым көзбояушылық пен өрескел жалғандық фактілерін» сынға алған болатын.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.