Ревакцинация 22 қарашада басталады
279
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтарға қайта екпе салу 22 қарашада басталатынын мәлімдеді - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі."Ревакцинация 22 қарашадан бастап екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін биыл жыл соңына дейін алғашқы екпе алған мерзімін ескере отырып, медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері қайта екпе алатындардың қатарына жатады", - деді Цой Үкімет отырысында.
Ол 60 жастан асқан адамдардың, сондай-ақ өз бетінше тест тапсырған және коронавирусқа антиденелері теріс тест нәтижесін көрсеткендердің белгіленген мерзімдерін есепке алмай, ревакцинацияға жіберілетінін нақтылады.
Қаз
Рус






