Ревакцинация 22 қарашада басталады

278
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтарға қайта екпе салу 22 қарашада басталатынын мәлімдеді - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Ревакцинация 22 қарашадан бастап екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін биыл жыл соңына дейін алғашқы екпе алған мерзімін ескере отырып, медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері қайта екпе алатындардың қатарына жатады", - деді Цой Үкімет отырысында.

Ол 60 жастан асқан адамдардың, сондай-ақ өз бетінше тест тапсырған және коронавирусқа антиденелері теріс тест нәтижесін көрсеткендердің белгіленген мерзімдерін есепке алмай, ревакцинацияға жіберілетінін нақтылады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.