Қызылорда облысында қаңтар айында 4293 адам коронавирус жұқтырды

415

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысында қаңтар айында 4293 адам коронавирус жұқтырды. Салдарынан антирекордтық көрсеткіш тіркелді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ақпан айында облыс бойынша коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақталып келеді. Биылғы жылдың 30 қаңтарынан облыс «сары» аймақта тұр.

«2020 жылғы наурыздан бері аймақта 23 824 адам коронавирус жұқтырды. Ал биылғы қаңтар айында коронавирус инфекциясын жұқтырудың барлығы 4 293 жағдайы анықталды. Өткен тәулікте мұндай 48 жағдай тіркелді. Басым көпшілігінде клиникалық белгілері анықталған жоқ. Науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында 13 жағдай тіркелді», - деп мәлім етті .

Ведомство мәліметінше, бүгінгі күні өңірде 1639 белсенді ошақ бар. Барлығында індетке қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.