Оқушы ауадан су алатын технология ойлап тапты

2 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Алматы әкімдігіАлматылық оқушы Дана Қадырбек Венада өткен халықаралық форумда әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді, оның ауадан су өндіру технологиясы сарапшылардың жоғары бағасын алды,- деп хбарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылық оқушы Дана Қадырбек Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді. 11-сынып оқушысы ауадан ауыз су алу бойынша әзірлемелерді ұсынған. Технология құрғақ жағдайда да су алуға мүмкіндік береді. 

Бұған дейін Дана халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып, Сеулде өткен WICO Дүниежүзілік Жастар ғылыми олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған. Қазақстанда да оның жобасы қолдау тапты: өнертабысты құрылғыны пилоттық енгізу туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Дана Алматы әкімінің сыйлығымен марапатталған. Оның жетістіктері гимназия тарихына жазылды және жақын арада елдің шөлді аймақтарындағы сумен жабдықтау жүйесін өзгертуі мүмкін.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.