Оқушы ауадан су алатын технология ойлап тапты
Алматылық оқушы Дана Қадырбек Венада өткен халықаралық форумда әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді, оның ауадан су өндіру технологиясы сарапшылардың жоғары бағасын алды,- деп хбарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматылық оқушы Дана Қадырбек Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді. 11-сынып оқушысы ауадан ауыз су алу бойынша әзірлемелерді ұсынған. Технология құрғақ жағдайда да су алуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Дана халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып, Сеулде өткен WICO Дүниежүзілік Жастар ғылыми олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған. Қазақстанда да оның жобасы қолдау тапты: өнертабысты құрылғыны пилоттық енгізу туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Дана Алматы әкімінің сыйлығымен марапатталған. Оның жетістіктері гимназия тарихына жазылды және жақын арада елдің шөлді аймақтарындағы сумен жабдықтау жүйесін өзгертуі мүмкін.







