"Миды өлтіреді": Тоқаев TikTok әлеуметтік желісін сынға алды

2 503

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: АқордаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен форумда TikTok әлеуметтік желісін қатаң сынға алып, оны "адамның миын өлтіретін қорқынышты нәрсе" деп атады. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл платформа әсіресе жастардың зияткерлік қабілетіне кері әсер етеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл пікірін "Сбер" банкінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Жасанды интеллект әлеміне саяхат" (AI Journey 2026) халықаралық конференциясы аясында жасанды интеллект саласында еңбек етіп жүрген дарынды жастармен кездесу кезінде айтты. Іс-шара Ресей астанасы Мәскеуде өтіп жатыр.

Кездесу барысында мемлекет басшысы заманауи гаджеттерді пайдалану әдетіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде көпшілік смартфонның мүмкіндіктерін толық пайдалана бермейді. Адамдардың басым бөлігі телефонды қоңырау шалу, хабарлама алмасу немесе видео көру үшін ғана қолданады.

“Қалалар мен ауылдық аймақтардың даму деңгейін теңестіру туралы өте орынды айттыңыз. Мен бұл мәселені жуырда жариялаған Жолдауымда да көтердім. Өйткені ауыл тұрғындарын интернетті тиімді әрі пайдалы мақсатта пайдалануға үйретуіміз керек. Қазір барлығы смартфон қолданады. Алайда неге екені белгісіз, көпшілік оны тек қоңырау шалу, хат алмасу, түрлі фильмдер мен TikTok көру үшін ғана қажет деп ойлайды. TikTok – адамның, әсіресе жастардың миын өлтіретін қорқынышты нәрсе”, – деді президент.

Бұл – аса маңызды мәселе. Жасанды интеллектіні дамытудың осы ерекшелігіне назар аударғаныңыз өте жақсы. Мен мұны "халықтық цифрлық экономика" деп атаймын

Президент мұндай тәсілдің орнына цифрлық технологияларды тиімді пайдаланып, одан пайда табуға болатынын атап өтті.

“Ал шын мәнінде, смартфонды дұрыс әрі шебер пайдалана білсе, шартты түрде айтқанда, ауылда немесе шағын елді мекенде отырып-ақ ақша табуға болады. Ол үшін сол жерде интернет болуы керек. Ең бастысы, адамдарды осыған үйрету қажет. Сонда олар үкіметтің шешіміне тәуелді болмай, заңды жолмен өз бетінше табыс таба алатын азаматтарға айналады”, – дейді Тоқаев.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда "халықтық цифрлық экономиканы" қалыптастыру бағытына тоқталды. Оның пікірінше, смартфонды дұрыс әрі орынды пайдалана білсе, оны заңды табыс табудың тиімді құралына айналдыруға болады.

"Смартфонды дұрыс әрі шебер пайдалану арқылы, шартты түрде айтқанда, ауылда немесе шағын елді мекенде отырып-ақ ақша табуға болады. Ол үшін сол жерде интернет болуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.