Елімізде прокуратураның мәртебесі өзгеруі мүмкін

426

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


«Ашық НҚА» порталында адамгершілікке жатпайтын жазалау түрлерін тергеу бойынша прокуратура органдарына беру ұсынылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агентігі.

«Прокуратура органдарының мәртебесін нығайту жөніндегі ұсынымдар Еуропалық прокурорлардың Консультативтік Кеңесінің құжаттарында да бар. Кеңес қорытындысының 13-тармағында прокурорлардың тәуелсіздігі, есептілігі және этикасы ұлттық заңнамада немесе тіпті елдің конституцияларында көзделген прокурорлар статусына енгізілген ұғымдар болуы тиіс деп көзделген», -деп жазылған консультативтік құжатта. 

Сондай-ақ құжат мәтінінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстанға Конституциясда прокуратура органдарының мәртебесін айқындау және прокурорларды олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау, олардың дербестігіне, оның ішінде қаржыландыру тұрғысынан кепілдік беруді ұсынғаны айтылады. 

Нақтырақ айтсақ, «судьялар мен прокурорлар міндеттерінің табиғатының жақындығы мен өзара толықтырылуын, сондай-ақ олардың мәртебесі мен қызмет ету жағдайларына қатысты талаптарды ескере отырып, прокурорлардың судьялар үшін көзделген кепілдіктерге ұқсас кепілдіктері болуға тиіс
», -деп жазылған. 

Ал Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстанға тергең кезіндегі азаптау фактілерін тексеруді прокуратура органдарына беру туралы ұсынысты талайдан бері айтып жүр. Құжатта бұл ұсыныста ескерілген. Осы және өзге де ұсыныстар мен халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, бірнеше жаңашылдықтарды іске асыру көзделіп отыр. Олар: - Қадағалаудың әрбір бағыты бойынша прокурордың өкілеттіктерін қайта қарау; - Прокуратура органдарының құқық қорғау институттарымен (Адам құқықтары жөніндегі уәкіл), сондай-ақ жұртшылықпен (БАҚ, ҰАТ және т. б.) өзара іс-қимылын күшейту; -Азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін тергеу бойынша функцияларды прокуратура органдарына беру; Прокуратура қызметінің құқықтық кепілдіктерін күшейту.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.