Қызылордада шебер кірпіштен киіз үй тұрғызды

2 578

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны кірпіштен киіз үй тұрғызды,-  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Шебер этностильдегі үйді заманауи талапқа сай жасаған.  Кірпіштен қаланған киіз үйдің іші есіктен төрге дейін ұлттық салт-дәстүрге сай жабдықталған. Үйдің ішінде көне сандық үстінде жиылған жүк, домбыра да қойылған. Этностильдегі зүйде асхана, жатын бөлмесі де бар. Үй иесінің атасы кезінде ағаштан түйін түйген шебер болып, кереге, уық, шаңырақ жасаған. Балаларына да ұсталықтың қыр-сырын үйреткен. Әулеттегілердің айтуынша, ауылдағы қарашаңырақтың ауласында үнемі киіз үй тұрған. Шебердің еңбегін ауылдықтар ерекше бағалап отыр. 

"Жастар да қызығады. Келешек олардың да ойында болады, келіп көріп кеткендердің. Салуға болады екен деп. Таңқалған кісілер көп енді. Сырттан да келіп көріп кеткендер көп. Ішін енді қолдан келгенше түлкінің терісін, қасқырдың терісін, қазақтың дәстүрлерін іліп қойғымыз келеді", - дейді ауыл тұрғыны Кенжегүл Еспенбетова.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.